Грилиш жазда «Ньюкаслға» ауысуы мүмкін

Грилиш жазда «Ньюкаслға» ауысуы мүмкін
Фото sportandbets.com

«Манчестер Сити» клубының вингері Джек Грилиш жазғы трансфер терезесінде «Ньюкасл» сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды talkSPORT.

Басылымның мәліметінше, «Ньюкасл» 29 жастағы футболшыны жалға алғысы келеді, себебі ол Хосеп Гвардиоланың сенімінен толықтай айырылған. Сонымен қатар, Грилишке «Наполи» де қызығушылық танытып отыр – италиялық клуб оны өз сапына тартуды көздейді.

Өткен маусымда Грилиш барлық турнирлерде 32 ойынға қатысып, 3 гол соқты және 5 нәтижелі пас жасады. Ол «Манчестер Ситимен» 2027 жылға дейін келісімшартқа отырған.

Transfermarkt порталының бағалауынша, футболшының қазіргі нарықтық құны — 28 миллион еуро.