Эльдор Шомуродов Түркия чемпионатына ауысты

Эльдор Шомуродов Түркия чемпионатына ауысты
ашық дереккөзден

Инсайдерлер мәліметінше, жалға алу сомасы — 3 миллион еуро

Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов ресми түрде Түркияның «Башакшехир» клубына ауысты. Бұл туралы стамбұлдық клубтың ресми сайты хабарлады.

«Рома» клубына тиесілі футболшы Түркияда жалға берілу шартымен өнер көрсетеді. Келісім бойынша маусым соңында «Башакшехир» шабуылшыны толық сатып алу құқығына ие болады.

Инсайдерлер мәліметінше, жалға алу сомасы — 3 миллион еуро. Егер түрік клубы футболшыны сатып алуды шешсе, қосымша 2,7 миллион еуро төлейді. Осылайша, трансфердің жалпы құны 5,7 миллион еуроға жетуі мүмкін.

Өткен маусымда Шомуродов Италияның А сериясында «Рома» сапында 27 матч өткізіп, 4 гол және 4 нәтижелі паспен көзге түсті.