Эдин Джеко «Фиорентина» сапына өтті

Эдин Джеко «Фиорентина» сапына өтті
ашық дереккөзден

Италиялық БАҚ-тың мәліметінше, Джеконың жылдық жалақысы 1,5–2 млн еуро көлемінде болады.

39 жастағы тәжірибелі шабуылшы Эдин Джеко енді «Фиорентина» клубының ойыншысы. Бұл туралы команда өз сайтында мәлімдеді.

Тараптар бір жылдық келісімшартқа қол қойды, ал келісім тағы бір маусымға ұзартылуы мүмкін.

Өткен маусымда босниялық шабуылшы Түркияның «Фенербахче» клубында өнер көрсетіп, Суперлигада 35 матчта 14 голмен көзге түсті.

Италиялық БАҚ-тың мәліметінше, Джеконың жылдық жалақысы 1,5–2 млн еуро көлемінде болады. Сонымен қатар, бонус түріндегі төлемдер де қарастырылған.