«Клубтар ақша игерумен айналысып кеткен»: Танымал блогер футболды қалай дамыту керегін айтты

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.05.26, 05:00
Әлібековтің сөзінше, мемлекеттік қаржы балалар футболын дамытуға бөлінуі тиіс.  
«Клубтар ақша игерумен айналысып кеткен»: Танымал блогер футболды қалай дамыту керегін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден

Танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков қазақстандық футбол клубтарының мемлекет қаржысына тәуелді болуына қарсы екенін айтты. Қазір шымкенттік «Ордабасының» амбассадоры атанған ол кәсіби клубтар жекеменшік инвесторлардың басқаруына өтуі керек деп есептейді.

Әлібековтің сөзінше, мемлекеттік қаржы ең алдымен балалар футболын дамытуға бағытталуы қажет. Ал кәсіби клубтар жеке инвесторлардың қолына өтсе, олардың жұмысы әлдеқайда тиімді болар еді.

«Қазақстан футболына шексіз мемлекеттік қаржы құя берудің қажеті жоқ. Мен нақты кәсіби футбол туралы айтып отырмын. Мемлекеттің ақшасы балалар футболына жұмсалуы тиіс. Ал премьер-лига клубтары жеке инвесторларға тиесілі болғаны дұрыс.

Шымкент – жекеменшік басқарудың қандай нәтиже бере алатынын көрсететін тамаша мысал. Себебі бизнесмен әр тиынды есептейді. Ал біздегі көп клуб маусым сайын тек қаржы игерумен айналысып кетеді. Сол қаражатты балалар футболына, манеждер мен алаңдар салуға бағыттау әлдеқайда пайдалы болар еді. «Ордабасы» — жекеменшік инвестицияның мүмкіндігін дәлелдейтін жақсы үлгі», – деді Бейбіт Әлібеков Sports24.kz-ке берген сұхбатында.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8