«Фенербахче» Асенсиоға 9 млн еуро ұсынды – ойыншының көңілі толмады

«Фенербахче» Асенсиоға 9 млн еуро ұсынды – ойыншының көңілі толмады
ашық дереккөзден

Париждік клуб сапында ол 47 матч өткізіп, 7 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді.

«ПСЖ» жартылай қорғаушысы Марко Асенсионың болашағы Түркияда жалғасуы мүмкін. Жергілікті БАҚ мәліметінше, «Фенербахче» испаниялық футболшыны сатып алу бойынша париждік клубпен келісімге келген.

Журналист Ягыз Сабункуоғлуның хабарлауынша, түрік клубы Асенсиоға жылына 9 миллион еуро көлемінде жалақы ұсынған. Алайда 29 жастағы ойыншы бұл соманы азсынып, одан жоғары ұсыныс талап еткен. Қазіргі таңда тараптар келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Марко Асенсио 2023 жылдың жазында «Реалдан» «ПСЖ»-ға ауысқан еді. Париждік клуб сапында ол 47 матч өткізіп, 7 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді.