Айта кетейік, соңғы уақытта Родриго клубтық әлем чемпионатында негізгі құрамға ілінбей жүр.
Мадридтің «Реал» клубы мен бразилиялық жартылай қорғаушы Родриго Гоестің өкілдері алдағы аптада футболшының болашағына қатысты кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Ақпарат көзінің мәліметінше, шешуші сөз — ойыншының өзінде. Егер Родриго командадан кеткісі келсе, клуб бұл шешімді қабылдауға дайын.
Айта кетейік, соңғы уақытта Родриго клубтық әлем чемпионатында негізгі құрамға ілінбей жүр. Соңғы бес ойында тек 92 минут алаңға шығып, бір ғана нәтижелі паспен көзге түсті. Оны өз қатарына қосуға «Бавария», «Арсенал», «ПСЖ» және «Аль-Наср» клубтары қызығушылық білдіруде.