Мартин «Женіс» клубымен болған матч туралы: Бұл — футболға жасалған қорлау

Мартин «Женіс» клубымен болған матч туралы: Бұл — футболға жасалған қорлау
Фото: instagram/Ордабасы

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Андрей Мартин Премьер-лиганың 11-туры аясында «Женіске» қарсы өткен матч (2:2) туралы kpl.kz-ке эмоционалды пікір білдірді.

Мартин командасының 0:2 есебінен кейін таразы басын теңестіріп, нағыз ер мінезін көрсеткенін жоғары бағалады. Дегенмен, сұхбаттың негізгі бөлігі төрешілердің шешімдерін сынға алуға арналды.

«Ең алдымен, командама алғыс айтамын – 0:2 есебінен кейін ойынды теңестіріп, жеңіске жетуге бар күштерін салды. Бірақ бүгін алаңда не болғанын бүкіл футбол қауымдастығы көрді. Бұл – нақты бір топтың футболды қорлауы. 50 жылдық мансабымда мұндайды бірінші рет көремін», — деді бапкер.

Мартиннің айтуынша, «Ордабасы» екінші матч қатарынан әділетсіз төрешілікке тап болуда.

«Біз екі гол соқтық – ешбірі есепке алынбады. Бұл — ойыншылардың еңбегін қорлау. Бізбен мазақ етіп отыр. Осыншама еңбек еш кетті», — деп күйінді Мартин.

Ол кінәлілердің атын атамағанымен, «футбол қауымдастығы бәрін түсінеді» деп тұспалдап айтты. Сонымен қатар, бапкер Футбол федерациясына төрешілердің «бейберекет әрекеттеріне» назар аударуды сұрады.

Сөз соңында Мартин командасын қайсарлығы үшін, ал қарсыласын жинаған ұпайы үшін құттықтады.