2 шілде күні Кенжебек Словакияның «Кошице» клубынан кететінін жариялап, араға бір күн салып, 3 шілдеде «Елімаймен» ресми келісімшартқа қол қойған болатын.
Қазақстан құрамасының және «Елімай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек алдағы уақытта Еуропаға қайта оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабының мүшесі Елдос Ахметов «Fonteam» YouTube-арнасыда айтты.
— Астанада біраз уақыт бірге жаттығу өткіздік. Ғалымжан соңына дейін шетелдік клубтардан нақты ұсыныс күтті. Бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт болмаған секілді. Уақыт тығыз болғандықтан, шешім қабылдауға тура келді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін «Елімай» сапында ойнайды, кейін Еуропаға қайта барады, — деді Ахметов.
Айта кетейік, 2 шілде күні Кенжебек Словакияның «Кошице» клубынан кететінін жариялап, араға бір күн салып, 3 шілдеде «Елімаймен» ресми келісімшартқа қол қойған болатын.