Жақын матчтар
«Арсенал» 20 жылдан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты
Соңғы рет "Арсенал" Чемпиондар лигасының финалында 2006 жылы "Барселонаға" қарсы ойнады.
Лондондық «Арсенал» Чемпиондар лигасының жартылай финалында мадридтік «Атлетиконы» екі матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңіп, 20 жылдан кейін алғаш рет турнир финалына жолдама алды.
Бұған дейін «зеңбірекшілер» соңғы рет 2006 жылы финалда ойнаған болатын. Сол кезде олар шешуші матчта «Барселонамен» кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапқан еді. Лондондық клуб сапындағы жалғыз голды қорғаушы Сол Кэмпбелл соқты. Ал «блауграна» құрамында Самуэль Это'О мен Жулиано Беллетти мергендік танытқан.
Биылғы турнирдің финалы Будапешт қаласындағы «Пушкаш Арена» стадионында өтеді. Шешуші матч 2026 жылдың 30 мамырына жоспарланған.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ