Виктор Осимхен «Галатасарайға» 75 миллион еуроға ауыса ма?

Виктор Осимхен «Галатасарайға» 75 миллион еуроға ауыса ма?
ашық дереккөзден

Айта кетейік, өткен маусымды Осимхен «Галатасарайда» арендада өткізді.

Италиялық инсайдер Джанлука Ди Марционың ресми сайты хабарлағандай, «Галатасарай» нигериялық шабуылшы Виктор Осимхеннің трансфері үшін «Наполиге» 75 миллион еуро төлеуге келісім берген.

26 жастағы футболшы жылына 16 миллион еуро жалақы алатын болады. Келісімшарт мерзімі — 4 жыл.

Айта кетейік, өткен маусымды Осимхен «Галатасарайда» арендада өткізді. Түркия Суперлигасында 29 матчта 26 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Осындай жарқын көрсеткіш клубты ойыншыны толықтай сатып алуға итермелегені анық.

📌 Енді ресми растау ғана қалды — Осимхен Түркия тарихындағы ең қымбат трансферлердің біріне айналмақ.