Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады
Бүгін алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Қарсылас — Словенияның «Олимпия» клубы. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады, тікелей эфирді «Qazsport» арнасы көрсетеді.
Осы кездесуге қатысты жасанды интеллект ChatGPT өз болжамын ұсынды:
«Мен алғашқы матчта “Олимпияның” жеңіске жетуін күтемін. Есеп — 1:0 немесе 2:1 болуы мүмкін. “Қайраттың” гол соғу ықтималдығы бар. Бірақ жалпы ойын аз голды сценариймен өтуі мүмкін».
Екі команданың жауапты кездесуі 15 шілде күні сағат 20:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.