Бұған дейін Нуньес «Наполимен» 2030 жылға дейінгі келісімшарт талаптарын мақұлдағаны айтылған.
Италиялық «Наполи» «Ливерпульдің» уругвайлық шабуылшысы Дарвин Нуньеске ресми түрде ұсыныс жасады. Бұл туралы танымал инсайдер Джанлука Ди Марцио хабарлады. Клуб €54,5 млн көлемінде трансферлік ұсыныс жіберген.
Бұған дейін Нуньес «Наполимен» 2030 жылға дейінгі келісімшарт талаптарын мақұлдағаны айтылған. Сондай-ақ футболшы Сауд Арабиясынан түскен бірнеше ұсыныстан бас тартып, Еуропада қалуды қалағаны белгілі болды.
Нуньес 2022 жылы «Ливерпульге» €75+25 млн көлеміндегі рекордтық трансфермен ауысқан. Өткен маусымда ол АПЛ-де 30 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 2 пас берген. Ал Чемпиондар лигасында 1/8 финалда «ПСЖ»-ға қарсы пенальти сериясында маңызды мүмкіндікті жіберіп алғаны есте қалды.