Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
21 жастағы шабуылшы Гонсало Гарсия 2025/26 жылғы маусымды мадридтік «Реалда» өткізеді.
Гарсия клубтық әлем чемпионатында 5 матчта 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Осы ойыны арқылы ол команданың жаңа бас бапкері Хаби Алонсоны өзіне сендіріп, клуб сапында қалуға мүмкіндік алды.
«Реал» бұл жазда футболшыға қатысты сату немесе жалға беру туралы ұсыныстарды қарастырмайды.
Жас шабуылшы үшін бұл — үлкен мүмкіндік және жаңа деңгейге шығатын кезең болуы мүмкін.