Қазіргі келісім 2025 жылдың соңына дейін күшінде
The Athletic басылымының журналисі Дэвид Орнштейннің мәліметінше, «Интер Майами» басшылығы Лионель Мессимен келісімшартты ұзартуға сенімді. Қазіргі келісім 2025 жылдың соңына дейін күшінде. Бұған дейін аргентиналық жұлдызға Сауд Арабиясының бірқатар клубтары қызығушылық танытқан болатын.
Месси америкалық клубқа 2023 жылдың жазында келді. Оған дейін «Барселона» және «ПСЖ» сапында ойнап, Еуропадағы ең ірі трофейлерге қол жеткізген. Оның еншісінде:
🏆 10 мәрте Ла Лига чемпионы
🏆 7 Кубок
🏆 4 УЕФА Чемпиондар лигасы бар.