Серб шабуылшысы Фейсал Мулич «Елімай» клубынан кетті

Серб шабуылшысы Фейсал Мулич «Елімай» клубынан кетті
Фото: instagram/Фейсал Мулич

Семейлік «Елімай» футбол клубы мен 30 жастағы серб шабуылшысы Фейсал Мулич өзара келісім бойынша келісімшартты бұзды.

Мулич клубқа 2024 жылдың 18 желтоқсанында, қысқы трансферлік терезе кезінде Оңтүстік Кореяның «Сувон Блюуингз» командасынан ауысқан болатын. Қазақстан Премьер-лигасында ол 10 матчқа қатысып, 3 гол соқты.

Клуб пен ойыншының жолы екіге айырылды. Жолың болсын, Фейсал!