Мұндай көрсеткішке Месси соңғы 12 жылдан бері алғаш жетіп отыр.
Лионель Месси Америкада да жаңа тарих жазуда. Ол «Монреаль Импэктке» қарсы ойында (4:1) екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Осылайша аргентиналық шабуылшы қатарынан үш матчта кемінде екі гол мен бір пас тіркеген МЛС тарихындағы төртінші футболшы атанды.
Мұндай көрсеткішке Месси соңғы 12 жылдан бері алғаш жетіп отыр. Бұған дейін бұл жетістікке Тьерри Анри (2012), Диего Серна (2001) және Анте Разов (1999) қол жеткізген.
Ағымдағы маусымда Месси 14 матчта 12 гол соғып, 6 ассист жасап үлгерді. Ол «Интер Майами» сапында шешуші фигура ретінде МЛС жанкүйерлерін тәнті етіп келеді.