«Ливерпуль» Диогу Жотаның отбасына келісімшарт соңына дейінгі соманы төлейді

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.07.25, 14:09
Португалиялық шабуылшы 3 шілде күні жол апатынан көз жұмды.
«Ливерпуль» Диогу Жотаның отбасына келісімшарт соңына дейінгі соманы төлейді
ашық дереккөзден

Ағылшынның әйгілі «Ливерпуль» клубы автокөлік апатынан қаза тапқан Диогу Жотаның отбасына оның 2026/27 маусымының соңына дейінгі келісімшартта қарастырылған толық соманы өтейді. Бұл туралы Record басылымына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Daily Mail мәліметінше, Жота мен оның бауыры отырған Lamborghini көлігі жарылған дөңгелектен кейін басқарудан шығып, кюветке құлаған және өртеніп кеткен. Қоштасу рәсімі жұма күні өтті, ал жерлеу сенбіге белгіленді.

28 жастағы Диогу Жота «Ливерпуль» сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетті. Ол командамен бірге Англия чемпионатын, Англия Кубогын және Англия Лига Кубогын жеңіп алды. Қызыл жейдеде ол 182 матч өткізіп, 65 гол соқты, 26 нәтижелі пас берді. Португалия құрамасында екі рет Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.

Футболшы бұған дейін «Атлетико Мадрид», «Порту» және «Вулверхэмптон» клубтарында да ойнаған.

 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8