Opta: «Челси» клубтық әлем чемпионатының басты фавориті атанды

Opta: «Челси» клубтық әлем чемпионатының басты фавориті атанды
ашық дереккөзден

Ағылшынның «Челси» клубы Клубтық әлем чемпионатын жеңіп алуға басты үміткер атанып отыр.

Бұл туралы Opta суперкомпьютерінің 10 мың симуляциясына негізделген дерек жарияланды.

Аталған модель бойынша, турнирдің қалған кезеңдерін ескергенде, «Челси» чемпион атануы ықтимал деген көрсеткіш – 26,8%. Екінші орында – Францияның ПСЖ клубы (24,9%), ал үштікті испаниялық «Реал Мадрид» (16,9%) қорытындылап тұр.

Төртінші орынға «Бавария» (14,8%) жайғасса, одан кейінгі тізім мынадай:

  1. «Боруссия» (Германия) – 7,6%

  2. «Аль-Хилаль» (Сауд Арабиясы) – 4,3%

  3. «Палмейрас» (Бразилия) – 3,0%

  4. «Флуминенсе» (Бразилия) – 1,55%

Атап өту керек, Opta симуляциялары командалардың қазіргі формасы, статистикасы мен турнирлік тор құрылымын ескере отырып жасалған.