Тоттенхэм Хотспур клубының орталық қорғаушысы әрі капитаны Кристиан Ромероның болашағы әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. 27 жастағы футболшыға қызығушылық танытып отырған клубтардың бірі — Манчестер Юнайтед. Бұл туралы Caught Offside хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, лондондық клуб Ромероның ықтимал трансферін 60-65 миллион еуроға бағалап отыр. Сондай-ақ аргентиналық қорғаушының жағдайын мадридтік Атлетико Мадрид пен Реал Мадрид те жіті бақылауда.
Осы маусымда Ромеро барлық турнирлерде 32 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен жасалған қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазығына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, футболшының нарықтық құны 50 миллион еуроны құрайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.