Ербол Каиров «Оқжетпес» клубының директоры болып тағайындалды

Автор
Fonteam редактор
Автор
21.04.26, 08:18
Футбол клубы «Оқжетпестің» директоры болып Ербол Каиров тағайындалды, деп хабарлайды Sports24.kz
Ербол Каиров «Оқжетпес» клубының директоры болып тағайындалды
Сурет: ашық дереккөздерден

Клуб басшылығы оның тәжірибесі мен басқарушылық қабілеттері «Оқжетпестің» ұйымдастырушылық жұмысын күшейтіп, инфрақұрылымын дамытуға серпін береді деп үміттенеді.

Жаңа жетекшіге клубты одан әрі дамыту, менеджмент тиімділігін арттыру және спорттық нәтижелерді нығайту міндеттері жүктелді.

Алдағы уақытта Каиров ұжымға таныстырылып, ресми түрде өз қызметіне кіріседі.

Ербол Каиров – Ақмола футбол мектебінің түлегі. Журналистік жолын Қазақстандағы алғашқы футбол порталы Chempionat.kz сайтында бастаған, кейін бұл порталдың бас редакторы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясында (ҚФФ) және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасында (ҚКФЛ) баспасөз хатшысы әрі ұлттық және жастар құрамаларының скауты қызметтерін атқарған.

2013 жылдан бері Qazsport және «Хабар» телеарналарының тұрақты комментаторы. Оның кәсіби қоржынында — Еуропа және әлем чемпионаттары, Чемпиондар лигасының (екі финалды қоса алғанда) матчтары, Олимпиада ойындары мен Геннадий Головкин жекпе-жектеріне жасаған репортаждары бар.

Үш мәрте ҚР Туризм және спорт министрлігі, Metaratings TOP Awards және Қазақстан футбол федерациясының нұсқасы бойынша үздік спорт журналисі атанған.

Сондай-ақ, ол – BorodAbata YouTube жобасының авторы әрі жүргізушісі.

Каировқа дейін бұл қызметті Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мұрат Тлешев атқарған.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8