«Барселонаның» және Болгария құрамасының аңызы Христо Стоичков Ламин Ямалды «Алтын допқа» үміткерлердің бірі ретінде атады.
«Ол өте жас, әлі талай жолдан өтеді. Бірақ оған қарап отыру – нағыз ләззат. Егер жеңіп жатса, марапатты өз қолыммен табыстаймын!»
Сондай-ақ Стоичков клубтық әлем чемпионатының бұл марапатқа әсері шамалы екенін айтты:
«Бұл – маусымдық циклге кірмейтін, бөлек турнир. Сондықтан шешуші фактор бола қоймайды».
Христо басқа да фавориттерді атап өтті:
– Маркиньос («ПСЖ»)
– Витинья, ол Франция чемпионатында да, Чемпиондар лигасында да керемет ойнады
🏆 Стоичковтың сөзінше, биылғы бәйгеде айқын көшбасшы жоқ — бұл «Алтын доп» төңірегіндегі бәсекені одан сайын қызықты ете түседі.