Матч Орталық стадионда өтті. Кездесуге Көкшетау қаласынан келген Антон Кучма бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.
Командалардың бастапқы құрамдары: «Қайрат»: Анарбеков, Мата, Мартынович, Широбоков, Тапалов, Оксанен, Байбек, Юккола, Мрынский, Жоржиньо, Сатпаев; «Каспий»: Аязбаев, Тайкенов, Моргадо, Набиханов, Арипов, Струмия, Серікбай, Петрович, Есімбеков, Ндомбази, Зульфикаров.
Кездесуде фаворит саналатын алаң иелері басымдыққа ие болды, алайда үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Екінші таймда Дастан Сатпаев алыстан соққы жасап, доп Эдмилсоннан рикошет алып, Нұрлыбек Аязбаев қорғаған қақпаға кірді. Артынша Жоржиньо есепті еселей түсті — 2:0.
Осылайша, «Қайрат» 14 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Ал «Каспий» бір ұпаймен соңғы орында келеді.
«Қайрат» — «Каспий» 2:0 (0:0)
Голдар: Эдмилсон 55 (1:0), Жоржиньо 82 (2:0).