«Барселона» клубы жаңартылған «Камп Ноу» стадионына қайта оралатынын ресми түрде жариялады.
Алғашқы матч 10 тамызда Жоан Гампер кубогы аясында өтпек.
Жаңа маусымдағы Ла Лигадағы алғашқы үш турда «Барса» сырт алаңда ойнайды деп күтілуде. Одан кейін клуб 50 000–60 000 көрермен шектеуімен үй матчтарын өткізе бастайды. Бұл уақытта стадиондағы қайта жөндеу жұмыстары ойындар арасындағы үзілісте жалғасады.
Айта кетейік, соңғы екі маусымда каталондықтар «Олимпик Льюис Компанис» стадионында ойнаған еді.