Қазақстандық клуб үш ойыншымен қоштасты

Қазақстандық клуб үш ойыншымен қоштасты
Фото пресс-служба ФК Туран

Түркістандық «Тұран» клубы құрамдағы үш футболшымен қош айтысты.

Команданың баспасөз қызметі хабарлағандай, клубтан Абылайхан Жұмабек, Еркебұлан Тойбеков және Абинұр Нұрымбет кетті. Айта кетейік, соңғысы жаңа командаға ауысып үлгерген.

Еске салайық, жақында «Тұран» клубында бапкерлік өзгеріс болды – бас жаттықтырушы қызметіне қазақстандық маман Абдухалық Бурибаев тағайындалды. Оның алдындағы бапкер Виталий Жуковский қайтадан «Атырау» клубына оралған еді.