Жақын матчтар
Ресми: "Барселона" көшбасшысы клубпен келісімшартын ұзартты
«Барселона» 29 жастағы бразилиялық шабуылшы Рафиньямен келісімшартты ұзартқанын жариялады. Каталониялық команданың капитанымен жасалған жаңа келісім 2030 жылдың 30 маусымына дейін есептелген, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Келісімшартқа қол қою рәсімі 5 қарашада «Барселона» президенті Жоан Лапортаның қатысуымен өтті. Футболшының бұған дейінгі келісімі 2028 жылдың жазына дейін жарамды болған. Алайда клуб басшылығы Ханси Фликтің командасындағы негізгі ойыншылардың бірі саналатын футболшының ұзақмерзімді болашағын алдын ала қамтамасыз етуді ұйғарды.
Келісімшарттың ұзартылуы бразилиялықтың тамаша нәтижелілігіне тұспа-тұс келді. Осы маусымда Рафинья барлық турнирде 13 матч өткізіп, 19 гол соқты. Оның еншісінде Испания чемпионатында 15 гол және Чемпиондар лигасында тағы төрт гол бар.
Осындай көрсеткіштердің арқасында шабуылшы Ла Лигадағы сұрмергендер көшін бастап, Еуропадағы осы маусымның ең нәтижелі футболшыларының қатарына кірді.
Рафинья әсіресе Чемпиондар лигасының «Астон Виллаға» қарсы өткен соңғы матчында жарқырай көрінді. Бразилиялық дубль жасап, каталониялықтарға 3:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті.
Сонымен қатар футболшы «Барселонаның» тарихи рейтингтерінде де жоғарылап келеді. 2022 жылдың жазында ағылшындық «Лидстен» ауысқаннан бері ол каталониялық клуб сапында 190 матч өткізіп, 94 гол соқты.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ