Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Арутюнян «Қайраттың» «Аталантаны» жеңуіне не кедергі болғанын түсіндірді

Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда Италияның «Аталанта» командасымен 1:1 есебімен тең түсіп, Бергамодан бір ұпаймен оралды.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
Арутюнян «Қайраттың» «Аталантаны» жеңуіне не кедергі болғанын түсіндірді
Сурет: ашық дереккөздерден

Бергамодан бір ұпаймен оралды. Кездесудің соңына қарай жеңісті уысынан шығарып алғанына қарамастан, Жора Арутюнян нәтижеге көңілі толатынын жеткізді. Дегенмен маман кейбір сәттерде шәкірттерінің дұрыс шешім қабылдай алмағанын да жасырмады:

«Жеңіске жету үшін жекелеген сәттерде дұрыс шешім қабылдауымыз керек еді. Алайда ойын басталмай тұрып біреу бізге кездесу 1:1 есебімен аяқталады десе, мұндай нәтижеге қуана келісер едік. Ал үш қорғаушымен ойнауымызға келсек, біз әр қарсыластың ойынын мұқият талдап, соған қарай тактика таңдаймыз. «Аталантаның» соңғы кездесуін зерттеп, осы жүйені қолдануды жөн көрдік. Алдағы матчтарда да мұндай тактиканы пайдалануымыз мүмкін», – деді Арутюнян.

5 қарашада Бергамода өткен кездесудің алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін алматылықтар шабуылды үдетіп, 53-минутта алға шықты. Эдмилсонның пасынан кейін қолайлы мүмкіндікке ие болған Марк Гуаль допты қарсылас қақпасына дәл бағыттады. Алайда «Қайрат» басымдығын сақтап қала алмады. 82-минутта Никола Крстович есепті теңестірді.

Үш турдың қорытындысы бойынша «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар. Бұған дейін алматылық клуб Латвияның «Рига» командасымен 1:1 есебімен тең ойнап, Грекияның «Панатинаикос» ұжымынан 1:5 есебімен жеңілген еді. Енді қазақстандық команда Конференция лигасындағы келесі кездесуін 26 қарашада өз алаңында Швецияның «Мьельбю» клубына қарсы өткізеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz