Франция құрамасы мен «ПСЖ»-ның бұрынғы жартылай қорғаушысы Клод Макелеле АҚШ-та өтіп жатқан клубтық әлем чемпионатына қатысты өз ойын ортаға салды.
— Қазіргі «ПСЖ»-ның ойыны туралы не айтасыз?
— Қазір олар – үздік команда. Көрермен үшін тартымды әрі нәтижелі футбол көрсетіп жүр.
— Луис Энрикенің «трофейге басты үміткерлер – еуропалықтар» деген пікірімен келісесіз бе?
— Әрине. Еуропа – әрдайым нәтижелілік пен футбол мәдениетінің көшбасшысы. Басқа аймақтар үшін бұл деңгейге жету оңай емес. Дегенмен, америкалық МЛС лигасының дамуы қуантады. Олар Еуропадан мықты ойыншылар мен бапкерлерді тартты. Сондай-ақ, Оңтүстік Американың командаларын да естен шығармау керек. Бразилия мен Аргентина клубтары да Еуропа ұжымдарымен тайталаса алады, – деді Макелеле ФИФА сайтына берген сұхбатында.