Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Бәріміз күтіп отырмыз»: Бабаян «Астанаға» инвестор іздеу туралы

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян елордалық клубқа жаңа инвестор іздеу жұмыстары туралы айтып берді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Бәріміз күтіп отырмыз»: Бабаян «Астанаға» инвестор іздеу туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

«Біздің мәселелеріміз әлі шешілген жоқ, бәріміз күтіп отырмыз — қазір бірдеңе болып, көптен күткен инвесторымыз пайда болып, бүгінгі мәселелеріміздің ең болмаса жартысын, ең болмаса бір бөлігін шешсе екен дейміз. Өйткені әлі де шешілмеген мәселе көп, мұның бәрі, әрине, қысым көрсетіп тұр.

Біз жақсылықтан үміттіміз. Әрине, белгісіздік бар. Жоғары жақта не болып жатқанын нақты білмейміз. Біз тек шешімді күтіп, жақын арада бәрі шешіледі деп үміттеніп отырмыз, өйткені бұл жағдай тым ұзаққа созылып кетті. Дегенмен, «Астана» — жай ғана қарапайым команда емес, оған лайықты қарым-қатынас қажет. Қазір осыншама уақыт бойы инвесторсыз жүргенімізге ешкім сене алмайды.

 

Сондықтан оң шешім болады деп үміттенеміз. Әрине, бәрінің қысқа мерзімде шешілгенін қалар едік, өйткені маусымның аяқталуына іс жүзінде екі апта ғана қалды. Қазір бізге айқындық қажет. Жиындарға қатысты жоспар құруымыз керек — желтоқсанда «Астана Аренада» оқу-жаттығу жиынын өткізгіміз келеді, екі айлық ұзақ үзіліс жасағымыз жоқ. Қаңтар және ақпан айларындағы жиындар, сондай-ақ команданы жасақтау — мұның бәрі өте маңызды. Сондықтан біз күтіп отырмыз», — деп бапкердің сөзін келтіреді Sports.kz.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Астана» өз алаңында Ақтау қаласының «Каспий» командасын қабылдап, 2:2 есебімен тең түсті. Елордалық команда 52 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде үшінші орынға нық орналасты. Маусымның аяқталуына екі тур қалғанда «Оқжетпестен» төрт ұпайға ұзап кетті.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz