Жақын матчтар
«Түркі кубогы»: Түркия түркі елдері арасында футбол турнирін өткізуді ұсынды
Түркия түркі мемлекеттерінің қатысуымен «Түркі кубогы» атты халықаралық футбол турнирін ұйымдастыруды ұсынып отыр.
Жарысты екі жылда бір рет өткізу жоспарланған. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да түркі елдерінің құрамалары қатысуы мүмкін.
Бастаманы Түркияның Әділет және даму партиясы (AK Parti) төрағасының орынбасары, түркі мемлекеттерімен байланыс мәселелеріне жетекшілік ететін Күршад Зорлу көтерді.
Ол бұл ұсынысты Түркияның Коджаэли қаласында өткен түркі әлемі жастарының кездесуінде жариялады. Зорлудың айтуынша, турнирді ұйымдастыру мәселесін Түркия футбол федерациясы мен елдің Жастар және спорт министрлігі бірлесіп қарастыруы керек.
Жобаның негізгі мақсаты – түркі мемлекеттері арасындағы спорттық байланысты нығайту, жас таланттарды анықтау және футболшылардың кәсіби дамуына жағдай жасау.
Әзірге жарыстың қашан басталатыны, қандай форматта өтетіні және оған нақты қай елдердің қатысатыны белгісіз.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ