Жақын матчтар
«Агрессивті футбол күтемін»: ҚПЛ-дың бұрынғы шабуылшысы «Қайрат» пен «Рига» матчы туралы
Бүгін алматылық "Қайрат" конференция лигасының негізгі кезеңінде алғашқы матчын өткізеді.
Оралдық «Ақжайық» пен Латвия ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Артур Карашаускас ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Конференция лигасындағы алматылық «Қайрат» пен «Рига» арасындағы кездесуден не күтетінін айтып берді.
«Жалпы, екі команданың кездесуін асыға күтіп жүрмін. Бүгін бізді қос тараптан да агрессивті футбол көрсететін тартымды ойын күтіп тұр деп ойлаймын. «Рига» қазір шабуылдаушы футбол ойнайды, жоғарыдан прессинг жасап, қарсыласына үнемі қысым көрсетуге тырысады. Менің ойымша, команда былтыр сәл мықтырақ болды, бірақ биылғы маусымда да чемпиондық атақ үшін таласуын жалғастыруда. Сондықтан қызықты әрі тартысты матч күтемін», – деді Карашаускас.
Екі елдегі футболдың дамуы туралы сөз қозғаған шабуылшы қазақстандық клубтардың ілгерілеуін ерекше атап өтті:
«Латвиялық команданың еурокубоктарға шығуы – бұл әрқашан үлкен оқиға әрі өзінше бір мереке. Мұндай матчтарды жанкүйерлер де, футболшылар мен бапкерлер штабы да асыға күтеді. Әрине, кез келген команда плей-офф кезеңіне өтуге ұмтылады. Латвияның шағын футбол елі екенін түсінеміз, бірақ біз біртіндеп мықты командалардың деңгейіне жақындауға тырысып жатырмыз.
Мен Қазақстанда ойнаған кезден бері көп нәрсе өзгерді. Қазір ұлттық құрамалар нәтижелерімен қуантпайтын шығар, бірақ клубтық футбол Қазақстанда да, Латвияда да дамып келеді. «Қайраттың» Чемпиондар лигасына шығуы – соның айқын мысалы. Мұндай іріктеуден өту оңай емес, бұл команда деңгейінің өскенін көрсетеді. Біздің клубтардың еурокубоктардың негізгі кезеңіне жиірек шыққанын қалаймын», – деп түйіндеді футболшы.
Еске салайық, УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңі аясындағы латвиялық «Рига» мен алматылық «Қайрат» арасындағы бірінші тур матчы бүгін, 15 қазан күні Латвия астанасындағы «Сконто» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.
Айта кетейік, латвиялық форвард 2018 жылы оралдық «Ақжайық» сапында өнер көрсетті (14 матч, екі гол, бір нәтижелі пас). Өз мансабында шабуылшы Украина («Днипро»), Ресей («Рубин»), Польша («Пяст»), Швейцария («Виль»), Кипр («Пафос», «Красава»), Камбоджа («Висакха») чемпионаттарында және өз елінің бірқатар жетекші клубтарында ойнап үлгерді. Латвия ұлттық құрамасы сапында 25 матч өткізіп, бір гол және үш нәтижелі паспен көзге түсті. Қазіргі уақытта 34 жастағы футболшы латвиялық «Лиепая» клубының жүйесінде жүр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ