Жақын матчтар
Пайруздың шешуші голы: "Елімай" сырт алаңда "Атырауды" жеңді
Семейдің "Елімайы" Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 14-тур матчында "Атырауды" 2:1 есебімен ұтты.
Кездесуде есепті 39-минутта "Елімай" қорғаушысы Әрсен Әшірбек ашты. Алаң иелері 85-минутта Джордже Пантеличтің дәл соққысынан кейін есеп 1:1 болды. Алайда екі минуттан соң Жан-Әли Пайруз семейліктердің жеңіс голын соқты.
Осы жеңістен кейін семейлік клуб 41 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орында қалды. Ал "Атырау" 26 ұпаймен 12-сатыда тұр.
Келесі турда Андрей Карповичтің шәкірттері өз алаңында Жезқазғанның "Ұлытау" клубын қабылдайды. "Атырау" Өскеменге барып, "Алтаймен" кездеседі.
Бұған дейін ҚПЛ-дің тағы бір кейінге шегерілген матчында Павлодардың "Ертісі" "Астанаға" 0:1 есебімен есе жіберген еді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ