Жақын матчтар
"Ситидің" қаржылық заңбұзушылықтарынан зардап шеккен клубтар саны аталды
"Манчестер Ситидің" қаржылық заңбұзушылықтары салдарынан 35-тен астам футбол клубы ықтимал табысынан айырылған.
Англия Премьер-лигасының тәуелсіз комиссиясы «Манчестер Ситиді» 2009–2018 жылдар аралығында коммерциялық келісімдердің құнын асыра көрсетуге және қызметкерлерге төленетін шығындарды жасыруға қатысты заңбұзушылықтар бойынша кінәлі деп таныған. BBC жүргізген есепке сәйкес, осы дауға байланысты клубтардың ықтимал қаржылық шығыны 844 миллион фунт стерлингтен асады.
«Тоттенхэм» ең көп зардап шеккен клубтардың қатарында
BBC мәліметінше, аталған кезеңде «Тоттенхэм» шамамен 119,9 миллион фунт стерлинг көлеміндегі ықтимал табыстан қағылған. Есептеу барысында Англия Премьер-лигасы, ұлттық кубоктар мен еурокубоктардағы жүлде ақшалары, сондай-ақ жоғары дивизионнан төмен түсудің қаржылық салдары ескерілген.
Сол жылдары лондондық клуб Чемпиондар лигасына жолдама беретін төртінші орыннан төрт рет бір саты төмен аяқтаған. Ал «Манчестер Сити» еурокубоктарға қатысу мүмкіндігіне ие болған. Егер «Тоттенхэм» Чемпиондар лигасына жолдама алған жағдайда, кемінде 148,2 миллион фунт стерлинг табыс табуы ықтимал еді.
Тағы қандай клубтар шығынға ұшырады?
«Тоттенхэмнен» бөлек, «Челси», «Манчестер Юнайтед», «Эвертон» және «Арсенал» да Чемпиондар лигасына жолдама беретін орыннан бір саты төмен қалған маусымдарды бастан өткерген.
BBC есебіне сәйкес, ықтимал жоғалған табыс көлемі бойынша ең көп зардап шеккен бес клубтың тізімі төмендегідей:
- «Тоттенхэм» — 119,9 млн фунт;
- «Халл Сити» — 99 млн фунт;
- «Эвертон» — 66,4 млн фунт;
- «Суонси Сити» — 63,1 млн фунт;
- «Ньюкасл» — 60,5 млн фунт.
«Халл Сити», «Суонси Сити» және «Ньюкасл» клубтары үшін ықтимал шығынның едәуір бөлігі Премьер-лигадан төмен түсумен байланысты.
Бұл тізімде қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» де бар. Клубтың ықтимал қаржылық шығыны 31 миллион фунт стерлингке бағаланған. Бұл шамамен 18 миллиард теңгеге тең.
Жалпы шығын 844 миллион фунттан асады
BBC бағалауы бойынша, клубтардың ықтимал жоғалтқан табысы бірнеше санатқа бөлінеді:
188,2 млн фунт — Англия Премьер-лигасындағы жүлде ақшасынан қағылу;
- 349,7 млн фунт — Премьер-лигадан төмен түсудің салдары;
- 217,8 млн фунт — Чемпиондар лигасынан түсетін табыстың жоғалуы;
- 88,3 млн фунт — ұлттық кубоктардағы жетістіктер мен Еуропа лигасына қатысуға байланысты табыстан қағылу.
Осы дауға байланысты тәуелсіз комиссия клубты жекелеген титулдардан айыру туралы шешім қабылдаса, алты команда чемпиондық атақтар мен өзге де трофейлерге үміткерлер қатарында болуы мүмкін.
Дегенмен, маңызды жайт бар: 844 миллион фунт стерлинг — BBC есептеген ықтимал жоғалған табыстың жалпы көлемі. Бұл сома клубтарға төленетін өтемақы ретінде ресми бекітілген жоқ.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ