Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Қайрат» жасөспірімдері черногориялық клубты 13:1 есебімен жеңді

Алматының «Қайрат» клубының жасөспірімдер командасы УЕФА Жасөспірімдер лигасының алғашқы кезеңінен сенімді өтті.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Қайрат» жасөспірімдері черногориялық клубты 13:1 есебімен жеңді
Сурет: ашық дереккөздерден

Ел чемпиондары жолындағы екінші матчта алматылықтар Черногорияның «Младост Донья-Горица» командасын 8:1 есебімен жеңді. Екі кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық клуб 13:1 есебімен басым түсті.

Қарымта матчта «Қайрат» ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп қойды. Төре Исмағұлов бесінші минутта есеп ашса, Даулет Орынбасар 28-минутта пенальтиді сәтті орындады. Ал Артур Трубин 37 және 42-минуттарда екі гол соғып, дубль авторы атанды.

Үзілістен кейін де алматылықтар шабуылын жалғастырды. 76-минутта Данияр Ташпулатов көзге түссе, араға үш минут салып Абылай Төлеухан есепті ұлғайтты. 88-минутта Нұржан Еркін пенальтиден гол соқты. Ал қосымша уақытта Абылай Жылқайдар матчтың соңғы голын енгізді.

Қонақтар сапынан Петар Пантич 70-минутта бір гол соғып, командасының жалғыз нәтижелі соққысына автор болды.

Айта кетейік, алғашқы кездесу Черногория астанасы Подгорицада өтіп, «Қайрат» 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Осылайша, екі матчтың жалпы нәтижесі бойынша алматылықтар қарсыласын 13:1 есебімен ойсырата ұтты.

УЕФА Жасөспірімдер лигасының келесі кезеңінде «Қайрат» Венгрияның МТК клубымен кездеседі.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz