Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Бернли» бапкері «Челсидің» Сәтпаевқа қатысты қандай талап қойғанын айтты

«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен «Челси» Дастан Сәтпаевтың «Чарльтонмен» болатын матчқа қатысуына рұқсат бермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды BurnleyExpress баслымы.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
3 минут оқу
«Бернли» бапкері «Челсидің» Сәтпаевқа қатысты қандай талап қойғанын айтты
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

Жарақатынан айыққан қазақстандық шабуылшы өткен демалыс күндері «Уотфордқа» қарсы ойында алаңға қайта оралды. Ол кездесудің соңғы 20 минутында шығып, командасының 4:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.

Осылайша, Дастан қыркүйек айының басында «Мидлсбромен» өткен (1:1) ойыннан кейін алаңға алғаш рет шықты.

Хайен «Чарльтонға» қарсы кездесуде де қазақстандық футболшыға үміт артқысы келген. Өйткені команда бір жылға жуық уақыттан бері өз алаңында жеңіске жете алмай жүр.

Алайда 18 жастағы шабуылшы матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне де, қосалқы құрам да енбеді. Бұған оның негізгі клубы «Челсидің» шешімі себеп болған.

«Жоқ, «Челси» Дастанның бұл матчқа қатысуына рұқсат бермеді. Ол ауыр жарақат алғандықтан, «Челси» ойыншының алаңға оралуына қатысты шешімді медициналық мамандарымен бірлесе отырып қабылдап келеді. Олар біздің медициналық штабпен де жұмыс істеді. Бірақ бүгінгі ойынға қатыса алмайтынын ескертті.

Дастан ұзақ уақыт бойы ойнамады. Қазір де «Челсидің» қарауында жүр. Бұл – екі клубтың медициналық мамандары арасындағы бірлескен жұмыстың нәтижесі. Олар Дастанды бұл матчқа қатыспауы керек деп шешті.

Ол жұма күні «Вулверхэмптонға» қарсы ойнайды. Ал бүгінгі кездесуге қатыспау туралы шешімді «Челси» қабылдады», – деді бапкер.

Сондай-ақ Хайен Сәтпаевтың қашан ойнап, қашан алаңға шықпайтынын «Челсидің» шешіп отырғаны қаншалықты қолайсыз екені туралы сұраққа былай жауап берді:

«Иә, бұл жағынан қиындық бар. Бірақ бұл жалға беру туралы келісімнің бір бөлігі саналады. Ойыншы жарақат алса, өз клубының медициналық штабына жүгінеді және олар біздің мамандармен бірге жұмыс істейді. Сондықтан біз мұндай тәртіптің бар екенін алдын ала білдік.

Әрине, бұл көңіл көншітпейді. Өйткені Дастанның «Уотфордқа» қарсы матчта қосалқы құрамнан шығып, ойынға араласқанын көргенде, шабуыл шебінде тағы бір қауіпті ойыншы пайда болғанын түсіндік. Дастан команданың шабуылдағы мүмкіндіктерін арттырып, жылдамдық пен техникалық шеберлік қосады.

Қазір ол ойнай алмайды. Әр апта сайын түрлі жағдайлар туындап жатыр. Дегенмен біз жұмысымызды жалғастырамыз. Алдымызда жаңа матч күтіп тұр».

Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің 10-турында «Чарльтонмен» болған ойынға қатыспады. Бұл матчта «Бернли» соңғы минуттарда қақпасына гол өткізіп (2:2), жеңісті уысынан шығарып алды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz