Жақын матчтар
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан үмітін үзді
Ұлттық құрама плей-оффтағы екі матчта да нәтижелі соққымен көзге түспеді.
Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу плей-офф кезеңіндегі жауап матчта Ирландияға 0:4 есебімен жеңілді.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне жолдама үшін күресті аяқтады.
Екі матчта да гол соға алмады
Сырт алаңда өткен жауап кездесуде Ирландия құрамасы басымдық танытып, өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.
Қазақстандық футболшылар қарсылас қақпасына гол соға алмады. Осылайша, ұлттық құрама плей-оффтағы екі матчта да нәтижелі соққымен көзге түспеді.
Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Ирландияны өз алаңында қабылдап, 0:8 есебімен ірі жеңіліске ұшыраған еді.
Қарымта ойынында ирландиялықтар тағы төрт гол соқты. Екі кездесудің қорытынды есебі – 0:12.
Нәтижесінде Ирландия келесі кезеңге өтті, ал Қазақстан құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігінен айырылды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ