Жақын матчтар
"Қайрат" Конференция лигасындағы алғашқы матчына Ригаға барды
Алматылық "Қайрат" УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 маусымындағы негізгі кезеңнің алғашқы кездесуін өткізу үшін Латвия астанасы Ригаға келді.
"Қайраттың" баспасөз қызметі Instagram парақшасында команданың Ригаға келген сәтінен фотосуреттер мен бейнежазба бөлісті. Кадрларда футболшылар мен Латвия астанасының әуежайы көрсетілген.
"Команда Латвияның Рига қаласына келді! Жергілікті уақыт – 14:36. Ауа температурасы – +7°C", – делінген клуб хабарламасында.
Латвияға жеткен алматылық команда енді Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынына дайындықты жалғастырады.
Алдағы кездесу "Қайраттың" биылғы маусымдағы осы турнирдің негізгі кезеңіндегі алғашқы матчы болады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ