Жақын матчтар
«Тобыл» қазақстандық қақпашымен келісімшартты ұзартуды жоспарлауда
Қостанайлық «Тобыл» 26 жастағы қақпашы Данил Устименкомен еңбек шартын ұзарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Биылғы маусымда Устименко қостанайлықтар сапында барлық турнирлерде 19 матч өткізді.
Еске салайық, тамыз айында қақпашыны өз қатарына қосуға самаралық «Крылья Советов» клубы қызығушылық танытқан болатын.
Айта кетейік, ойыншының трансферлік құны 350 мың еуроға бағаланып отыр. Сондай-ақ, Устименконың еншісінде 2024 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізген бір ойыны бар.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ