Жақын матчтар
Нұралы Әліп Ресей чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасының оныншы турында қорғаныстағы жекпе-жектерде жеңіске жету көрсеткіші бойынша үздік нәтиже көрсетті.
Санкт-Петербургтің «Зениті» сапында өнер көрсететін футболшы бұл көрсеткіш бойынша турға қатысқан барлық ойыншыдан озып шықты.
Қазақстандық қорғаушы бұл нәтижеге «Краснодарға» қарсы сырт алаңдағы кездесуде қол жеткізді. Әліп матч барысында қорғаныстағы 16 жекпе-жекте жеңіске жетіп, статистикалық рейтингте бірінші орынға көтерілді.
Екінші орынды Махачкаланың «Динамосы» сапындағы Муталип Алибеков иеленді. Оның еншісінде 13 сәтті қорғаныс жекпе-жегі бар. Ал Грозныйдың «Ахмат» клубының өкілі Турпал-Али Саид Ибишев 12 көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді.
«Краснодар» мен «Зенит» арасындағы матч 10 қазанда өтті. Санкт-Петербургтік клуб сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Нұралы Әліп кездесуді негізгі құрамда бастап, ойынның басым бөлігін алаңда өткізді. Қазақстандық футболшы 91-минутта ауыстырылды.
Енді «Зенит» 14 қазанда Ресей кубогы аясында Махачкаланың «Динамосымен» кездеседі. Матч қарсылас алаңында өтеді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ