Жақын матчтар
Қазақстан жастар құрамасының вингері «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін
«Ақтөбе» футбол клубы қызылордалық «Қайсар» мен Қазақстан жастар құрамасының (U-21) вингері Нұрали Жақсылықты өз қатарына қосуға қызығушылық танытып отыр.
Ойыншының құқығы елордалық «Астанаға» тиесілі, алайда клубпен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Жақсылық шілде айынан бері «Қайсар» сапында жалға алу құқығымен өнер көрсетіп жүр. Осы уақыт ішінде ол 12 матч өткізіп, үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Футболшының қазіргі трансферлік құны 200 мың еуроға бағаланып отыр.
Бұған дейін 21 жастағы вингерге Түркияның екінші дивизионында ойнайтын «Кайсериспор» мен ресейлік «Факел» тарапынан нақты қызығушылық болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, қаңтар айының соңында футболшы грузиялық «Колхети-1913» клубының қаралымында болған, бірақ жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты келісімшартқа қол қойылмады.
Айта кетейік, чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда еншісінде 45 ұпайы бар «Ақтөбе» ҚПЛ турнирлік кестесінің төртінші сатысында орналасып, еурокубоктарға жолдама беретін аймақ үшін күресті жалғастыруда.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ