Жақын матчтар
«Артқы датамен жұмыстан шығарып жіберді»: журналист «Тобылдағы» даудың шындығын айтты
Спорт журналисі Эльдар Аманбаев қостанайлық «Тобыл» клубы төрешілерге қатысты дауды және ҚФФ-ға шақыру жанжалын жасыру үшін өз қызметкерін жұмыстан жасырын түрде шығарып жібергенін мәлімдеді.
«Тобыл» баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасап, ҚФФ клубтың жұмысшысын өзіне шақырды деген ақпаратты жалған деп атады. Олар клуб құрылымында ондай қызметкерлер жоқ деп айтты. Мен де бұл ақпаратты қазбалай бастадым. Сөйтсе, «Тобыл» бір қызметкерін артқы датамен жұмыстан босатыпты. Сол қызметкері соған қатысы бар деген күмәнмен, артын жаба салған. Кім екенін айтайын ба? «Алты, жеті, тоғыз». Білетін халық біледі кім екенін. Кезінде медиа футбол болды ғой, сол кезде медиа жағынан Қазақстанның атын шығарған бауырымыз бар», – деді Аманбаев «Бірінші бол» подкастында.
Еске салайық, бұған дейін қостанайлық клубтың баспасөз қызметі өз қызметкерінің футбол матчтарындағы төрешілерге қатысты заңсыз әрекеттерге күдікке ілініп, ҚФФ-ға жауап алуға шақырылғаны туралы ақпаратты қатаң түрде жоққа шығарған болатын. Клуб мәлімдемесінде мұндай қызметкердің жоқтығын айтып, әділ ойын қағидаттарын ұстанатынын жеткізген еді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ