Жақын матчтар
Қазақстан U-16 құрамасы Грузиядағы жарыста «күміс» еншіледі
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (16 жасқа дейінгі) Грузиядағы өткен Batumi Cup 2026 халықаралық турнирінде екінші орын алды.
Жарыс барысында Есімбек Нұрахметовтің шәкірттері сенімді ойын өрнегін көрсетті. Доданың бастапқы кезеңінде отандық футболшылар «Динамо Батуми» командасын 5:0 есебімен тас-талқан етті. Одан кейін жергілікті «Иберия 1999» және испаниялық «Вильярреалға» қарсы екі матчта да тең түсті (1:1).
Жартылай финалда қазақстандық жасөспірімдер Никита Духов пен Әлихан Қуандықтың дәл соққыларының арқасында тбилисилік «Динамоны» 2:0 есебімен сенімді ұтып, жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды.
Айта кетейік, трофей сарапқа салынған финалдық матчта қазақстандықтар испаниялық «Вильярреалмен» қайта кездесті. Бұл жолы еуропалық клуб мықтырақ болып шықты. Олар 3:0 есебімен жеңіске жетіп, біздің құрама беделді турнирдің күміс жүлдесін қанағат тұтты.
Қазақстан U-16 құрамасы матчтарының нәтижелері:
-
Қазақстан U-16 – «Динамо Батуми» – 5:0
Голдар: Рүстем, Жанмұрат, Бонет, Ақылбек (дубль). -
«Иберия 1999» – Қазақстан U-16 – 1:1
Гол: Рүстем. -
«Вильярреал» – Қазақстан U-16 – 1:1
Гол: Духов. -
Жартылай финал: «Динамо Тбилиси» – Қазақстан U-16 – 0:2
Голдар: Духов, Қуандық. -
Финал: «Вильярреал» – Қазақстан U-16 – 3:0
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ