Жақын матчтар
Жозе Моуринью журналистерге сұхбат беруден бас тартты
БАҚ алдындағы міндеттерді орындамағаны үшін Ла Лига мадридтік клубқа қаржылық санкция қолдануы мүмкін.
Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуринью Испания чемпионатындағы "Вильярреалға" қарсы матчтан кейін журналистермен сөйлесуден бас тартты.
Португалиялық маман матчтан кейінгі міндетті баспасөз мәслихатына қатыспады. Онымен бірге клубтың футболшылары мен бапкерлер штабының өкілдері де микст-аймаққа шықпаған.
Бойкотқа Винисиустың қызыл қағазы себеп
Мұндай шешімге Винисиустың алаңнан қуылуы себеп болған. Соған қарамастан, "Реал" матчтағы басымдығын сақтап, "Вильярреалды" 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудегі жалғыз голды Ян Диоманде соқты.
"Реалға" айыппұл салынуы мүмкін
Cadena SER ақпаратына сәйкес, матчтан кейін БАҚ алдындағы міндеттерді орындамағаны үшін Ла Лига мадридтік клубқа қаржылық санкция қолдануы мүмкін. Әзірге айыппұлдың нақты көлемі туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Айта кетейік, Моуриньюдің әрекеті испаниялық спорт журналистері арасында сынға ұшырады.
Журналист Антонио Ромеро бапкер команда ойынының сапасына қатысты сұрақтардан әдейі қашып, алдағы "Эль-Класико" алдында ақпараттық фон қалыптастырып жатыр деп болжады.
Ал Хулио Пулидоның пікірінше, Моуринью төрешілерге қатысты дауды "Реалдың" ойын мәселелерінен назар аудару үшін пайдалануы мүмкін.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.