Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Сәтпаев ойнаған матчта "Бернли" қарсыласын ойсырата жеңді

"Бернли" Чемпионшиптің тоғызыншы турында сырт алаңда "Уотфордты" ірі есеппен жеңді.

Fonteam редактор
Автор ·
1 минут оқу
Сәтпаев ойнаған матчта "Бернли" қарсыласын ойсырата жеңді
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

Кездесу 4:0 есебімен аяқталды. "Бернли" алғашқы таймда-ақ үш гол соқты. 13-минутта Якуб Бруун Ларсен есеп ашса, 19-минутта Зеки Амдуни командасының басымдығын арттырды. Ал 25-минутта Рео Хатате үшінші голдың авторы атанды.

Ойынның 87-минутында Маркус Эдвардс гол соғып, кездесуді түйіндеді.

Дастан Сәтпаев алаңға оралды

Жарақатынан айыққан Дастан Сәтпаев бұл кездесуді қосалқы құрамда бастады. Қазақстандық шабуылшы 74-минутта Якуб Бруун Ларсеннің орнына алаңға шықты. Flashscore статистикалық сервисі Сәтпаевтың ойынына 6,7 балл қойды.

Бұл - "Бернлидің" осы маусымдағы Чемпионшиптегі алғашқы жеңісі. Команда ұпай санын жетіге жеткізіп, турнирлік кестеде бір саты жоғарылады. Алайда клуб әлі де төменгі лигаға түсіп қалу аймағында қалып, 22-орында тұр.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz