Жақын матчтар
"Ақтөбе" "Елімайды" жеңіп, еурокубок аймағына таласын жалғастырды
"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының 28-турында Семейде "Елімайдан" басым түсті.
Қонақтар кездесудің 15-минутында есеп ашты. Алғашқы голдың авторы — Темірлан Ерланов.
Екінші таймның басында ақтөбеліктер басымдығын арттырды. 49-минутта Шейи Оджо мергендігімен көзге түсті.
Алаң иелері 83-минутта есеп айырмасын қысқартты. Қонақтардың қорғаушысы Бағдат Қайыров допты өз қақпасына соғып алды. Дегенмен қонақтар жеңісті қолдан шығармады. 89-минутта Артур Шушеначев гол соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 3:1.
ҚПЛ кестесіндегі жағдай қандай?
Жеңістен кейін "Ақтөбе" 45 ұпаймен төртінші орында тұр. Команда 40 гол соғып, өз қақпасына 32 доп өткізіп алған.
"Елімай" 38 ұпаймен алтыншы сатыда қалды. Семейлік клубтың соққан және жіберген голдарының көрсеткіші — 36:25.
Алдағы турда "Елімай" сырт алаңда "Атыраумен" кездеседі. Ал "Ақтөбе" өз стадионында шымкенттік "Ордабасыны" қабылдайды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.