Жақын матчтар
Ұлттық құрама "Астана Аренада" жаттығу өткізді
Ойын алдындағы жаттығу алдағы кездесу өтетін "Астана Арена" стадионында ұйымдастырылды. Қазақстандық футболшылар нидерландтық маман Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен дайындықты жалғастырып жатыр.
Молдовамен кездесу Қазақстан үшін Ұлттар лигасының қазіргі маусымындағы алғашқы үй матчы болмақ.
Ұлттық құрама алғашқы екі кездесуін сырт алаңда өткізді. Фарер аралдарымен матч 1:1 есебімен аяқталса, Словакияға қарсы ойында қазақстандықтар 1:2 есебімен жеңілді. Осы нәтижелерден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде бір ұпай бар.
УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионы, 3-тобындағы үшінші тур кездесуі 2 қазанда "Астана Аренада" өтеді. Матчтың басталу уақыты – 19:00.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.