Ла Лига футболшысы Қазақстан құрамасына қосылуы мүмкін

Автор
Fonteam редактор
Автор
30.09.26, 14:37
Ұлттық құрама сапында болашақта бойшаң қорғаушы пайда болуы мүмкін.
Ла Лига футболшысы Қазақстан құрамасына қосылуы мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден

«Вильярреал» академиясының 18 жастағы орталық қорғаушысы Роман Мартин ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанмен қандай байланысы бар екенін айтып берді.

«Шын мәнінде, жақын уақытқа дейін анам Қазақстан азаматы болды – бұл оның отаны. Өзім орысша түсінемін және аздап сөйлеймін, тек оқи және жаза алмаймын», – деп ағынан жарылды жас футболшы.

Сонымен қатар, Валенсия тумасы «сары сүңгуір қайық» жүйесіндегі тағы бір ойыншы Сәлім Хасановпен таныс. Вингер Қазақстанның U-17 құрамасында өнер көрсетеді:

«Әрине, Сәлім туралы көп естідім. Сондай-ақ Алдияр Нұрғалимен де жақсы қарым-қатынастамын», – деп қосты ол.

Айта кетейік, Роман Мартин осы жылдың қыркүйек айында «Левантеден» «Вильярреалға» ауысқан болатын. Ла Лиганың тоғызыншы командасы онымен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.

Бойшаң қорғаушы (196 см – еск.) жақында ғана УЕФА Жасөспірімдер лигасында «Боруссияға» (3:2) қарсы өткен матчта дебют жасады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

30.09.26, 14:37

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22