Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Астанадағы УЕФА Суперкубогының ойыны қазақстандық жанкүйерлерсіз өтуі мүмкін

Автор
Fonteam редактор
Автор
28.09.26, 16:01
Жоғары санатты ұлттық төреші Әлібек Әубәкіров 2028 жылы Астанада өтетін УЕФА Суперкубогына берілетін билеттер квотасы жайлы пікір білдірді.
Астанадағы УЕФА Суперкубогының ойыны қазақстандық жанкүйерлерсіз өтуі мүмкін
Астана-Арена

УЕФА-ның регламенттік құжатына сәйкес, билеттерге арналған квота бар. Мысалы, Чемпиондар лигасын жеңген команданың фан-секторына 10 мың билет, сол секілді Еуропа лигасының жеңімпазы атанған команданың жанкүйерлеріне 10 мың билет беріледі. Бес мың билетті УЕФА өзінің өкілдері мен серіктестеріне үлестіріп береді. Ал қалған бес мың билет ҚФФ-ға берілетін шығар. Олар бұл билеттерді таныстарына таратып беруі мүмкін немесе сатылымға шығарады.

Менің ойымша, «Астана Аренада» өтетін УЕФА Суперкубогының ойыны қазақстандық жанкүйерлерсіз өтуі мүмкін. Яғни, біз үшін жабық режимдегі матч болады. 20 мың билет қос команданың жанкүйерлеріне, бес мың билетті УЕФА әр федерацияның өкілдеріне таратып береді. Ал ҚФФ-ға бұйырған бес мың билет «Бәке-Сәке, көке-жәке, туысқан, көршілерге» таратылып кетуі ықтимал. Демек Астанада өтетін Суперкубок матчын теледидардан ғана көруіміз мүмкін деген сөз.

Бірақ ескеретін бір жайт бар: Астана Еуропадан тым алыста орналасқан. Мұнда екі команданың жанкүйерлері көптеп келе алмауы мүмкін. Сондықтан белгілі бір мөлшерде билеттер сатылымға шығатын шығар. Екінші жағынан, «Астана Аренаның» сыйымдылығы да анау айтқандай үлкен емес», – деді Әубәкіров U-SPORT арнасындағы подкаст барысында.

Осыдан екі апта бұрын 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының «Астана Аренада» өтетіні ресми түрде хабарланған болатын. Бұл матч аясында сол жылғы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпазы күш сынасады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)