«Әліп құрмет көрсетті»: Исламхан құрамаға оралуы, бапкер және капитандық жайлы

Автор
Fonteam редактор
Автор
26.09.26, 06:30
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Фарер аралдарына қарсы өтетін Ұлттар лигасының матчы алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді,
«Әліп құрмет көрсетті»: Исламхан құрамаға оралуы, бапкер және капитандық жайлы
Сурет: ашық дереккөздерден

Ойыншы сөзін еліміздегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтудан бастап, құрамадағы атмосфера мен капитандық белгі жайлы ой бөлісті.

Қайғылы оқиға мен жарақаттар туралы

«Ассалаумағалейкүм. Ең алдымен, еліміздегі қайғылы жағдайды бәріңіз білесіздер. Кеше Қазақстан үшін өте ауыр күн болды. Қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз.

Бапкер айтқандай, құрама жиналды, өкінішке қарай, жарақат алғандар бар. Бірақ бұл басқа жігіттерге беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Барлығы өздерін көрсетуге 100 пайыз дайын».

Жаңа бапкер мен құрамадағы атмосфера туралы

«Жаңа бапкер, жаңа ой, жаңа талаптар. Құрамда жастар да, басқа да ойыншылар бар. Жаңа бапкердің келуімен жаңа ойын басталады, бәріне бірдей мүмкіндік беріліп отыр. Жігіттер арасындағы атмосфера өте жақсы. Бапкердің келгеніне көп уақыт бола қойған жоқ, біз енді-енді түсінісіп келе жатырмыз. Ертең бар күшімізді саламыз».

Қарсылас – Фарер аралдары туралы

«Фарер аралдарының соңғы ойындарын қарап, талдадық. Олар көбінесе қарымта шабуылға шығып, стандартты жағдайларға баса назар аударады. Барлығы ертеңгі ойында көрінеді. Біз алаңда өзіміздің мықты тұстарымызды көрсетуге тырысамыз».

Капитандық тізгін мен оралуы туралы

«Бапкерлік штабқа мені қайта шақырғаны үшін алғыс айтамын. Былтыр жарақатым көп болды, сол кезде ұлттық құрамаға оралуды қатты қалағанымды айтқан едім. Капитандыққа келер болсақ... Мен құрамаға енді ғана қосылдым, бұл жайлы бапкерлік штабпен көп сөйлестік. Нұралы Әліп маған құрмет көрсетіп, ағалығымды сыйлады. Бапкер осы шешімді қабылдады».

Еске сала кетейік, Фарер аралдары мен Қазақстан құрамалары арасындағы УЕФА Ұлттар лигасы С дивизионының бірінші тур матчы ертең, 26 қыркүйекте Торсхавн қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. 33 жастағы Бауыржан Исламхан ұзақ үзілістен кейін ұлттық құрамаға қайта оралып, капитандық белгіні Нұралы Әліптен қабылдап алды. Биылғы маусымда жартылай қорғаушы елордалық «Астана» сапында барлық турнирлерде 27 ойын өткізіп, үш гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

26.09.26, 06:30

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22