Бұл туралы AmanVIBE арнасы хабарлады. Дереккөздің мәліметінше, шымкенттік клуб 28 жастағы ойыншының жағдайын жіті бақылап отыр. Қазіргі таңда Зайнутдинов жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінде.
Футболшы соңғы рет алаңға 2025 жылдың 19 қазанында шыққан. Алайда Зайнутдиновтің "Ордабасыға" ауысуы оңай болмауы мүмкін.
Қазақстандық футболшының мәскеулік "Динамомен" келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Трансфердің жүзеге асуы Зайнутдиновтің алаңға оралуына және клуб ауыстыруға деген ниетіне байланысты болуы мүмкін.
Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында шымкенттік клуб 26 матчтан кейін 61 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келеді.
Еске салсақ, осыған дейін футболшының қарағандылық "Шахтер" клубына ауысуы мүмкін деген де ақпарат тараған еді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.