Бергамо командасы жаңа маусымды сәтсіз бастап, бұл жағымсыз үрдіс Туринде де жалғасты. «Богиня» Франсишку Консейсау мен Бремердің голдарынан кейін 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бергамолықтар қарсы жауап бере алмады.
Осылайша, бес турдан кейін «Аталанта» Серия А турнирлік кестесінде алты ұпаймен 11-орында тұр.
Еске салайық, «Аталанта» УЕФА Конференциялар лигасында «Қайраттың» қарсыласы саналады. 5 қарашада бергамолықтар жалпы кезеңнің үшінші турында Қазақстан чемпионын қабылдайды.
«Аталанта» Конференциялар лигасындағы жолын 15 қазанда кипрлік «Пафосқа» қарсы матчпен бастайды. «Қайрат» сол күні сырт алаңда «Ригаға» қарсы ойнайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.